Түркістан облысында суға шомылуға тыйым салынған 111 участок бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында суға шомылуға тыйым салынған 111 участок бар

22.08.2023

Түркістан облысында суға шомылуға тыйым салынған 111 участок бар. Оның ішінде ең ірі дегендері Арыс-Түркістан каналы, Қарашық пен Сырдария өзені. Дәл осы Сырдарияға Отырар ауданы аумағында Аққұм және Балтакөл ауылдық окургтары маңында суға шомылуға қатаң тыйым салынған.

Аймақтың су айдындарында 52 төтенше жағдай тіркелген. Кешегі оқиғаны есепке алмағанда облыста 10 адам суға батып, мерт болған. Судағы оқыс жағдайлардың ел бойынша статистикасы көңіл көншітпейді. Жыл басынан бері 198 адам суға батып кеткен. Оның 57-сі бала. Төтенше жағдайлар барысында 190 адам құтқарылды. Олардың 64-і кәмелет жасына толмағандар.


Нұргүл Ахметова


Хабарламаларға жазылу