Энергетика министрлігі Алматы облысындағы «Үлкен» ауылының тұрғындары қарсы болған жағдайда атом электр станциясын салу үшін балама орын іздейді. Бұл туралы Үкіметте Энергетика министрінің орынбасары Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, шешім қолданыстағы заңға сай қабылданады.
Жандос Нұрмағанбетов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:
АЭС салынатын орынды таңдау үшін бізге Алматы облысы әкімдігінің нақты жауабы қажет. Олар бізге халықтың ойын жеткізуі тиіс. Содан кейін станцияны орналастыру туралы шешім қабылданады. Бірақ станция салынбас бұрын техникалық-экономикалық негіздеме жасалады. Қоршаған ортаға әсері бағаланып, барлық мүдделі тараптардың пікірі жиналады. Бұл жұмыс енді ғана басталып жатыр.
Серік Селеубай