Алматы, Маңғыстау, Қызылорда және Абай облыстары жылу желілерін жөндеу жұмыстарының жартысын да аяқтамаған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты. Қазір Риддер жылу электр орталығында мердігер ұйымдар 6 қазандықты жөндеп жатыр. Үкімет резервінен қаржы бөлінген. Ал Екібастұз жылу электр орталығында 10 қазандықты жөндеу жоспарланған. 5 қазандықты жөндеу жеке компанияның, қалған бесеуі бюджет қаржысы есебінен іске асырылуда. Биыл өңірлер 13 мыңнан астам қазандық дайындауы қажет. Қазір оның 11 мыңы дайын. Бұл бағыттағы жұмыстар Алматы, Жамбыл облыстарында және Шымкентте баяу жүріп жатыр.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Әрбір өңірде тиісті «Жол картасын» әзірлеп бекіту қажет. Онда жылу желілерін дамытуды, жаңа жылу орталықтарын салу мен қолданыстағы орталықтарды күрделі жөндеу жұмыстарын нақты айқындау керек. Сондай-ақ, авариялар болған жағдайда өңірлік коммуналдық қызметтермен жылу орытлықтарының іс-қимылының әр қадамы жазылған алгоритм бекітілуі тиіс.
Дарын Сағитов