Дүниежүзілік банкпен әріптестік артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік банкпен әріптестік артады

23.08.2023

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен келіссөз жүргізді. Тараптар республиканың көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға, Арал теңізі өңірінің экологиялық жағдайын жақсартуға, цифрландыруды жеделдетуге бағытталған перспективалы жобаларды іске асыруды егжей-тегжейлі талқылады.

Премьер-Министр Қазақстан Үкіметі өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша банкпен әріптестікті тереңдетуге дайын екенін айтты. Өз кезегінде Татьяна Проскурякова Дүниежүзілік банктің Қазақстанда жаңа жобаларды іске асыруға мүдделі екенін растады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу