Биылғы Азия ойындарында алғаш рет киберспорттан жарыс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы Азия ойындарында алғаш рет киберспорттан жарыс өтеді

23.08.2023

Биылғы Азия ойындарында алғаш рет киберспорттан жарыс өтеді. Ерекше интелектуалдық дағдыларды талап ететін ойында, киберспортшылар 7 түрлі дисциплина бойынша бақ сынасады. Оның бесеуі командалық бәсеке болса, қалғаны спортшылардың жеке өнер көрсететін алаңы болмақ.

Қазақстанда киберспорттың ресми мойындалғанына 5 жыл. Содан бері қарқынды даму үстінде. Қоғам мұны ойын емес, спорт ретінде қабылдап келеді. Ал ұлттық құрама мүшелері былтырдан бері әлемдік жарыстарда жеңімпаз атанып жүр.

Темірлан Байдаулетов, Қазақстан киберспорт федерациясының спорт менеджері:

Құрама спортшылары маусым мен тамыз аралығында өткен аймақтық жарыста жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Ойыншыларымыздың жүлдегер атану ықтималдылығы өте жоғары.
Биылғы Азия ойындарының бағдарламасына киберспорттан бөлек, олимпиадалық емес шахмат, құраш, карате, джиу-джитсу және ушу сынды спорт түрлері енді. Бұрын бұл бағыттар бойынша ұйымдастырылған жарыстар тек таныстырылым ретінде ғана өткен.

Ғазиз Серікбаев, ҚР МСМ Республикалық спортты дамыту дирекциясының басқарма басшысы:

Азия ойындарында жеті медаль жиынтығы ойнатылады. Яғни, жеті дисциплина болады. 7 дисциплинада елімізден 28 спортшы, ұлттық құраманың мүшелері ел намысын қорғайды.
Мамандардың айтуынша, ұлттық құраманың басты қарсыластары Қытай, Тайланд және Индонезия елдерінің киберспортшылары. Жалпы киберспорт болашақта олимпиада бағдарламасына енуі мүмкін деген болжам да бар.


Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу