Ресейде Сібір жарасы тіркелді. Ауру ошағы Воронеж облысының солтүстігінде анықталған. Өңірде төтенше жағдай режимі енгізілді. Қауіпті індет Чувашия мен Туваны және Мәскеу облысының біраз аймағын шарпыған. Мамандар сібір жарасы адам өліміне әкелуі мүмкін екенін айтып дабыл қағуда. Үй жануарларына жаппай екпе салынып жатыр.
Геннадий Онищенко, дәрігер-инфекционист:
Сібір жарасы ағзада 10 жылға дейін өмір сүруі мүмкін. Сондықтан белгілері пайда болған кезде дер кезінде дәрігерлерге қаралған абзал. Аурудың тарауына жол берген үй жануарларының иелері жауапкершілікке тартылады, қылмыстық іс қозғалды.
Индира Бегайдар