Көкшетауда автосалоннан 30 миллион теңге ұрлаған менеджер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда автосалоннан 30 миллион теңге ұрлаған менеджер ұсталды

25.08.2023

Көкшетауда өзі жұмыс істеген автосалоннан 30 миллион теңге ұрлаған менеджер ұсталды. Полицейлердің мәліметінше, күдікті жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін барлық бейнекамераларды өшіріп, бухгалтердің кабинетінде тұрған металл сейфті ұрлап кеткен. Кейінірек оны кесіп, ішіндегі 23 миллион теңгені өзінің есепшотына аударған. Қалған ақшаны белгісіз жерге жасырып қойған. Қазір күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу