Елордада джиу-джитсудан жастар мен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекенің төртінші күнінде жерлестеріміз 8 алтын, 13 күміс, 16 қола жүлдені иеленіп, екінші орынға жайғасты. Үздік үштікте Ресей мен Германиядан келген спортшылар бар. Елімізде тұңғыш рет өткізіліп жатқан жарысқа 80 елден мыңнан астам спортшы өтініш берген. Әлемдік дода 25 тамыз күні аяқталады.
Жібек Құлымбетова, Джиу-джитсудан Әлем чемпионы:
Бүгінгі жарыс өте керемет өтіп жатыр. Қатты қуанып тұрмын. Мен алтын медаль алдым. Бұл менің 8-інші әлем чемпионатым. Әрине, Әлем чемпионатына ең мықты спортшылар қатысады. Сондықтан қарсыластар мықты болды. Бірақ мен Қазақстан үшін барымды салдым.
Ақмаржан Ғафизқызы