Ата заң аясында мемлекет пен қоғам арасындағы сенімге негізделген жаңа саяси мәдениет қалыптасып келеді. «Қазақстан Республикасының конституциясы - қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың негізі» атты конференцияға қатысушылар осылай деді. Мәжілісте өткен жиында сарапшылар заңнаманы нығайту тәсілдерін талқылады. Олардың пікірінше, елде жүргізілген конституциялық реформалар демократияны одан әрі нығайту, Парламенттің рөлін күшейту бойынша қоғамдық сұраныстарды ескеріп отыр.
Марат Бәшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі:
Ең маңыздылығы – Конституцияға қандай өзгерістер кірді, одан халыққа, қоғамға қандай пайда болды деген ғой. Кәсіби заңдар, халыққа керек заңдар қабылданып жатыр. Депутаттардың сауалы қандай болады, қоғаммен қарым-қатынастары қалай болады? Халықпен кездескеннен кейін олар келіп заңдарға қалай өзгеріс енгізіп, іске асырадлы деген осындай үлкен мәселелер көтеріліп жатыр.
Дарын Сағитов