Шымкент қаласында тұрғын үй кезегіне тіркелу ісінен шу шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегіне тіркелу ісінен шу шықты

25.08.2023

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегіне тіркелу ісінен шу шықты. «Қамқор» бағдарламасына қатысқысы келген азаматтар бір аптадан бері жүйе дұрыс жұмыс істемейді деген жауаппен банкте бос сандалып жүр. Спортшылар, ғылыми қызметкерлер, журналистер, медбикелер, мәдениет пен өнер саласының қызметкерлерінің арнайы санатпен мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуына мүмкіндік беретін «Қамқор» бағдарламсы биылғы жылдың 15 тамызынан бастап іске қосылған болатын. Құжат тапсыруға келген азаматтардың айтуынша сол уақыттан бері база жұмыс істемей жатыр деген сылтаумен әлі күнге тұрғын үй кезегіне тіркеле алмай келеді.

Құндыз Мансұрова, медбике:

Бағдарламаның ашылғанына қанша уақыт болды. Жұрттың бәрі күтіп жүр. Базаны ашу үшін дайын болуы керек емес пе? Неге ол ашылған кезде істемей қала береді.

Ханымай Батырбекова, мұғалім:

3 күннен бері осы жерді торуылдап жүрміз. Жұмысқа бармай сұранып, үйсіз жүрген соң жағдайымызды айтып. Ал бірақ 2 мың адам тұрып қойыпты. Олар қалай тұрған база істемес. Енді істеуіміз керек?

Пилоттық жоба ретінде жүзеге асқалы жатқан жаңа бағдарламаның ерекшелігі осы санаттағы азаматтардың баспана кезегі болмаса да үй алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ ипотекалық несие қол жетімді болу үшін мемлекет тарапынан субсидияланатын болады. Биыл бұл мақсат қала қазынасынан 3 миллиард теңге бөлінді. Жобаның алғашқы кезеңінде 150 адамды баспанамен қамту көзделген болатын.

Бағлан Жаппаров, «Отбасы банкі» бизнесті дамыту бөлімінің маманы:

Egov-тан, сайттардан әржақты ақпарат алады. Содан бағдарламалар арасында қателік болып жатыр. Басында дұрыс істеп тұрған. Қазір сол ақауларды жөндеп жатыр. 10-15 минутта істейді деп мағлұмат беріп жатыр.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу