Ақтауда үстіне жиһаз құлаған тұрғын қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда үстіне жиһаз құлаған тұрғын қайтыс болды

28.08.2023

Ақтауда үстіне жиһаз құлаған тұрғын қайтыс болды. Ер адам ауруханада көз жұмды. Айта кетейін, оқыс оқиға осыдан 8 ай бұрын 11-шағын ауданда болды. Өтіп бара жатқан 39 жастағы тұрғынның үстіне 6-қабаттан ас үй жиһазы құлап, мойын омыртқасына зақым келген. Соның салдарынан науқас сал болып қалды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ жиһазды кім лақтырғаны сол күйі анықталмады.


Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу