Данияда Құран кітабын өртеуге тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Данияда Құран кітабын өртеуге тыйым салынады

28.08.2023

Данияда Құран кітабын өртеуге тыйым салынбақ. Ел үкіметі осындай заң жобасын ұсынды. Құжат жаңа жылға дейін қабылдануы тиіс. Діни кітаптарды көптің көзінше өртеу қылмыстық құқық бұзушылық деп саналмақ. Мұндай әрекетке барғандарды 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Құран кітабын өртеуге тыйым салу Швецияда да талқыланып жатыр. Бұған дейін екі елде көпшіліктің көзінше Қасиетті кітапты өртеу акциялары өтті. Мұндай әрекеттер мұсылман елдерінде наразылыққа тап болып, екі жақты қарым-қатынастардың ушығуына әкелді. 


Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу