Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Ол биылғы үшінші тоқсанда атқарылған жұмыстар нәтижесі мен берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берді. Терроризммен күрес, жалпы криминогендік ахуал, шекараны қорғау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында атқарылған жұмысты баяндады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыс бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Оңғар Алпысбайұлы