Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы Америкада қолдау тапты. 2020 жылы Біріккен ұлттар ұйымының 75-ассамблеясында мемлекет басшысы биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық агенттік құру туралы бастама көтерген еді. Арада бірнеше жыл өткенде АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі бұл ұсынысты қолдап, «биологиялық қаруға қарсы тұратын ортақ ұйым» құру қажеттігін мәлімдеді. Бұл туралы «The Washington Times» секілді халықаралық ірі басылымдар жарыса жазып жатыр.
Досжан Маратұлы