Қытайдың бірнеше провинциясында қауіптің қызыл деңгейі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың бірнеше провинциясында қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

28.08.2023

Қытайдың бірнеше провинциясында жаңбыр құйып, лай көшкіні болды. Жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді. Хэнань аймағының елді мекендерінде топан судың деңгейі бір метрге дейін көтерілген. Ал Хубэй провинциясында көшелер өзенге айналып, көлік қатынасы тежелді. Қауіптің ең жоғары қызыл деңгейі жарияланып отыр. Биыл жазда Қытайда апталар бойы жаңбыр жауып, ондаған адам қаза тапты. «Доксури» тайфуны соққы беріп, ел астанасы Бейжің алапат жауын мен тасқынды бастан кешірді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу