АҚШ-та бейбіт тұрғындар қаза болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та бейбіт тұрғындар қаза болды

29.08.2023

АҚШ-та тағы атыс. Бұл жолы ақ нәсілді 21 жастағы қылмыскер қара нәсілді 3 бейбіт тұрғынға оқ атып, мерт қылды. Оқиға Флорида штатының Джексон-вилл қаласында болды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, күдікті дүкендегі адамдарға оқ жаудырған. Жазықсыз тұрғындардың өмірін қиған ол соңында өз-өзіне қол салған. Шерифтің сөзінше, Райан Кристофер полицияға және ақпарат құралдарына бірнеше үндеухат қалдырып, қара нәсілді адамдарды жек көргенін айтқан. Федералды Тергеу Бюросы нәсілшілдік қылмысқа байланысты тергеу амалдарын бастады.

Тонни Уотерс, Джексонвиль қаласының шерифі:

Қылмыскердің үндеуі шынын айтқанда жынды адамның күнделігі сияқты. Ол өзінің не істеп жатқанын білді. Біреуге зиян тигізу үшін қасақанда осындай іске барғаны жүрегімді ауыртты.


Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу