Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын елдің теңіз әскерін күшейтуге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын елдің теңіз әскерін күшейтуге шақырды

29.08.2023

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын елдің теңіз әскерін күшейтуге шақырды. Ол Америка Құрама Штаттарын Корей түбегі маңындағы суды ядролық соғыс отын тұтатуы мүмкін тұрақсыз аумаққа айналдырды деп айыптады. Сонымен қатар Ким Американың, Жапонияның және Оңтүстік Кореяның бірлесіп жаттығу өткізіп тұруға келісуіне де сын айтты. Солтүстік Корея мемлекеттік телеграф агенттігінің хабарлауынша, Ким Чен Ын мұндай мәлімдемені Әскери флоттың құрылған күні мерекесінде жариялады. 


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу