Жапонияда «Toyota»-ның 14 зауытында көлік құрастыру тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда «Toyota»-ның 14 зауытында көлік құрастыру тоқтатылды

29.08.2023

Жапонияның «Тойота» автоконцернінің 14 зауытының 28 бөлімшесінде көлік жинау тоқтатылды. Оған қосымша бөлшектермен айналысатын компьютерлік бағдарламада туындаған ақау себеп болған.

Компания зауытқа кибершабуыл жасалғанына сенбейтінін мәлімдеді. Қазір тергеу жүріп жатыр. Алайда өндірістің қашан қайта жанданатыны белгісіз. Бұл келеңсіздіктен кейін қандай конверлер зардап шеккені айтылмай отыр.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу