Елімізде рөлі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 6 айға дейін шектеу енгізуді ұсынып отыр. Оның жүзеге асуын Мемлекеттік кірістер комитеті Шекара қызметімен бірлесіп бақылайды. Жоба 13 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға салынбақ. Жалпы еліміз бойынша рөлі оң жақта орналасқан 20 мыңға жуық көлік бар. Мұндай автомобильдерді тіркеуге 2007 жылы тыйым салынған еді. Былтыр оны заңдастыруға рұқсат берілді. Бұл біржолғы ғана мүмкіндік.
Айя Мүтәлі