Франция астанасы Париж көшелері электрлі самокаттардан тазартылып жатыр. Бұл елде тамыздың 31-нен бастап, электрлі самокаттарға тыйым салынады. Көктемдегі референдумда дауыс берушілердің 89 пайызы бұл көлік түрінен бас тартуды қолдаған. Электрлі самокаттар Париж көшелерінде 2018 жылы пайда бола бастады. Осыдан бастап жазатайым оқиғалар көбейген. 2021 жылы электрлі самокат қатысуымен болған жол апаттарынан 24 адам қаза тапты. Жүздеген адам жараланған. «Самокаттарға қатысты тыйым» күшіне енгеннен кейін олардың орнын электрлі велоспидтер алмастырмақ.
Арай Төлегенқызы