Астанадағы қоғамдық көліктердің электронды төлем жүйесіне өзгерістер енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы қоғамдық көліктердің электронды төлем жүйесіне өзгерістер енгізіледі

31.08.2023

Қыркүйектен бастап астаналық қоғамдық көліктердің электронды төлем жүйесіне өзгерістер енгізілмек. Маршруттардағы валидаторлар жаңасына ауыстырылып, NFC технологиясы мен Bluetooth арқылы төлем тәсілі қосылады. Сондай-ақ, жолақысын екінші деңгейлі банк карточкалары арқылы төлеу мүмкіндігі де пайда болады. Осылайша қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 5 тәсілмен төлеу енгізіледі. Ал тексерушілер жаңа замануи терминалдармен қамтылады. Олар төлемнің бар-жоғын анықтап қана қоймай, қоғамдық көліктердегі төлемді бұғаттау мүмкіндігіне де ие болмақ. Бұл жаңашылдықтарды кезең-кезеңімен жыл соңына дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр.  



Хабарламаларға жазылу