Жапония 2024 жылы әскер бюджетін рекордтық деңгейге жеткізуді көздеп отыр. Қорғаныс министрлігі 7,7 триллион иен немесе 52 миллиард долларға өтініш берген. Соның 6 миллиардтан астамы оқ-дәрі мен кемеден ұшырылатын зымыран тәрізді қару-жарақ түрлеріне жұмсалмақ. Премьер-министр Фумио Кисида үкіметі 2027 жылға дейін қорғаныс шығындарын жалпы ішкі өнімнің 2 пайызына жеткізуді жоспарлап отыр.
Жапония қарулы күштері бюджетінің артуына Қытайдың күннен күнге күшеюі мен Солтүстік Кореяның әрекеттерін болжаудың қиындай түсуі себеп болған.
Арыстан Рысбек