Бүгіннен бастап кез келген қазақстандық eGov арқылы өз-өзіне несие алуға тыйым сала алады. Бұл жөнінде Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мәлім етті. Кредиттен бас тарту үлгісі өте қарапайым. Ол үшін eGov-тің мобильдік қосымшасында немесе eGov сайтына кіріп, өтініш қалдыру қажет. Несие мен микроқарызды рәсімдеуге тыйым салу 6 айға дейін жүргізіледі. 6 ай өткеннен кейін өтініш автоматты түрде алынып тасталады.
Сондай-ақ бұл шектеулерді кез келген уақытта алып тастауға да болады. Ол үшін қайта өтінім беру қажет.
Министрдің айтуынша, бұл функция адамдардың қауіпсіздігі үшін қажет. Яғни қазақстандықтар кредитті заңсыз ресімдейтін алаяқтардан қорғалады. Қазір дәл осындай сервис Бірінші кредиттік бюроның сайтында да бар. Бірақ ол ақылы. Ал eGov порталында өтініш тегін қабылданады.
Самал Қабышева