Президент ірі өндіріс орындарына 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жасауды тапсырды. Өйткені, соңғы кезде жұмысшылардың өндірісте мертігуі және қазаға ұшырауы көбейген. Өндіріске жақын тұратын халықтың экология мен денсаулығына байланысты наразылығы күшейіп барады. Ал кен өндіру саласы қазір сенімді табыс көзі. Көптеген металдың әлемдік бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Сондықтан, кәсіпорындардың технологиялық және экологиялық ахуалын жақсарту маңызды.