Халық пікірі: Жолдауда ғылымның дамуына үлкен міндеттер жүктеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық пікірі: Жолдауда ғылымның дамуына үлкен міндеттер жүктеді

01.09.2023

Кез келген мемлекеттің және қоғамның дамуы тікелей адами капиталға байланысты. Ал оның сапалы болуы елдегі білім мен ғылымның дамуына тікелей тәуелді. Президент Жолдауда бұл салаға да үлкен міндеттер жүктеді, дейді көпшлік.

Жасанды интелект дәуірі келе жатыр. Егер де біз соны дұрыс қолданып, шынайы білім беретін болсақ, білім жүйесін осыған бағыттасақ халықаралық аренада үлкен мемлекетке айналамыз.

Бұл маман даярлау бір күннің немесе бүгін ғана дайындап шығаратын шаруа емес.Бұл үлкен мәселе.Осыған байланысты Президентіміз білімге байланысты, қазіргі дәрігерлерге байланысты бүгінгі Жолдауында қозғап отыр.

Президент су ресурстары және ирригация министрлікті жеке ведомство құруды тапсырды. Қазіргі тарифтер олар мүлдем пайдалануға келмейді. Олар ескі әдіспен есептелген. Ол су ресурстарымен айналысатын кәсіпорындарға инвестицияя салуға мүмкіндік бермейді.

Соңғы жылдардағы климаттық өзгерістерден туындап жатқан құрғақшылықтан қорғану сияқты күрделі мәселелермен кешенді айналысатын кез жетті. Президент бұл орайда табиғатты қорғау мен су ресурстарын сақтау қызметтерін екшеп жеке болсын деген бастаманы өте орынды көтеріп отыр.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу