Өзбек елінің егемендік алғанына 32 жыл толуына орай Қазақстандағы Өзбекстан елшілігі салтанатты қабылдау өткізді. Бауырлас халықтың мерекесіне еліміздің үкімет мүшелері, қоғамдық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ Қазақстандағы өзбек диаспорасы қатысты. Шарада Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев екі ел арасындағы ерекше достықты атап өтті. Сондай-ақ қонақтарға ұлттық дастарханнан дәм ұсынылып, салтанатты қабылдау соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.
Аида Ахметбек