Жолдау - 2023: Шетел дипломаттары пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдау - 2023: Шетел дипломаттары пікір білдірді

04.09.2023

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауына қатысты шетел дипломаттары да пікір білдірді. Олардың сөзінше, энергетикалық ресурстарды үнемді пайдалану тұтас әлем үшін маңызды. Сондықтан ел Президентінің тоқталған бұл түйіткілі өзекті дейді.

Марко Альберти, Италияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

Президент Жолдауда өте өзекті тақырыптарды қозғады. Әсіресе, кәсіпкерлікті дамыту мәселесі елдің дамуы үшін маңызды. Сондықтан құптаймын, қолдаймын.

Кестутис Янкаускас, Қазақстандағы Еуропалық Одақтың елшісі:

Жолдауда нендей жәйттер қамтылатыны мені қызықтырғаны рас. Мемлекет басшысының энергетикалық ресурстарды үнемдеп пайдалану туралы айтқаны өзекті. Себебі бұл Қазақстан үшін ғана емес, тұтас әлем үшін маңызды.


Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу