Мемлекет басшысы Алматыдағы қызанақ пен көшет өсіретін жылыжай кешенін аралап көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Алматыдағы қызанақ пен көшет өсіретін жылыжай кешенін аралап көрді

05.09.2023

Мемлекет басшысы қызанақ пен көшет өсіретін жылыжай кешенін аралап көрді. Аумағы 7 гектарды алып жатқан нысанда жылына 4 мың тоннаға жуық қызанақ өсіріледі. Оның 90 пайызы экспортқа шығарылады. Кешенге 5 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған. Әрі «Даму» қоры арқылы мемлекеттік қолдау алып келеді. Тамшылатып суару, тұмандату және көмірқышқыл газын өндіру жүйелері жұмыс істейді. Кешенді аралап көрген Президент жаңа жұмыс орындарын ашу және азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін осындай инвестициялық жобаларды іске асыру маңызды екенін атап өтті.

Хабарламаларға жазылу