Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 6-8 қыркүйек күндері Албания Президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақты нығайту бойынша келіссөз жүргізеді. Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады.
Шерхан Жамбылұлы