Түркиядағы жол апатынан тағы бір отандасымыз көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиядағы жол апатынан тағы бір отандасымыз көз жұмды

06.09.2023

Түркиядағы жол апатынан кейін қаза тапқан Арайлым Нұғыманованың жұбайы Нұрболат Құрмашев та көз жұмды. Ол оқиға орнынан ауруханаға жеткізілген болатын. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Газипаша -Анталья тас жолында жол талғамайтын көлік туристер мінген машинаны соғып, қарсы бетке шығарып жіберген. Апаттан жерлесіміз, атыраулық Арайлым Нұғыманова мен 2 жасар қызы мерт болды. «Ал жарақат алған 9 жастағы ұлдарының өміріне қауіп жоқ», - дейді дәрігерлер. Марқұмдардың артында бір ұл, бір қызы қалды. 


Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу