Жаңа министрліктерді құруға бюджеттен қанша қаржы жұмсалады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа министрліктерді құруға бюджеттен қанша қаржы жұмсалады?

06.09.2023

Жаңа министрліктерді құруға бюджеттен қанша қаржы жұмсалады? Бұл жайында БАҚ өкілдері Мәжіліс қабырғасында вице-премьер – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан сұрады. Айтуынша, жаңа ведомстволар бір айдың ішінде бөлінеді. Содан кейін ғана қосымша шығындар есептеледі. Олар ескі министрліктерден бөлініп шыққандықтан әрбір министрліктің әр салаға бөлінген қаражаты бар, сол қарастырылған қаражатты бөліп алатынын жеткізді. 

Сондай-ақ, Премьер-министр жаңа министрліктер бұрынғы ғимараттарында қала беретінін айтты.


Хабарламаларға жазылу