Ең төменгі жалақының өсуі 1 млн 800 мың қазақстандықтың табысына оң әсер етеді. Яғни, келесі жылдан бастап жекеменшік нысанда қызмет ететін барлық жұмысшылардың жалақысы өседі. Оның ішінде 350 мың адам - бюджеттік қызметкер екен. Жұмыс берушілер алдымен ең төменгі жалақы алып отырғандардың табысын өсіріп, артынша басқа да қызметкерлердің еңбекақысын қайта қарауы тиіс. Қазір ең төменгі жалақы мөлшері - 70 мың теңге. Келесі жылы 85 мыңға өседі. Алдағы үш жылда оның мөлшері тағы 2 есе ұлғаяды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Келесі жылдан бастап 1,8 млн қазақстандықтың табысы артады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/180862/)