Ғылыми дәрежесі бар педагогтердің жалақысы өседі. Сондай-ақ, ғалымдардың еңбекақысы артады.
Ол үшін Еңбек кодексіне өзгеріс енгізіліп жатыр. Оған сәйкес, ғылыми дәрежесі немесе атағы бар мұғалімдер мен өзге қызметкерлерге қосымша ақы төленеді. Ал оның мөлшерін жұмыс беруші белгілейді.