Әлемдегі геосаяси күрделі жағдайларға қарамастан Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы былтыр 800 млн доллардан асты. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта одан әрі арта түсуі тиіс. Киевтегі сарапшылар осындай болжам жасап отыр. Себебі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында екі ел арасындағы экономикалық байланысты дамыта түсетін салалар қамтылған. Әсіресе, өнімдерді терең өңдеу, көлік-логистика, агроөнеркәсіп кешені және тағысын тағы бағыттарда қос мемлекеттің мүдделері түйіседі.
Валерий Король, Украина сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті:
Түрлі қиындықтарға қарамастан Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы былтыр 800 млн доллардан асты. Бейбіт кезде бұл көрсеткіш 1 млрд 200 млн болған еді. Дей тұрғанмен, бұл жаман көрсеткіш емес. Жолдауда қазақ президенті экономикалық секторды мемлекеттік деңгейде ғана емес, жеке кәсіпкерлік деңгейде де дамыту жолдарын айқын көрсетті. Бұл ретте, украиналық бизнес өкілдері жаңа мүмкіндіктерді Қазақстан елшісімен жан-жықты талқылады. Қазақстан кәсіпкерлері Украинаны қалпына келтірудегі құрылыс жұмыстарына белсенді араласады деген сенім мол.
Сергей Нагорняк, Украина жоғарғы рада депутаты:
Жолдауда айтылған экономикалық, энергетикалық блокты дамыту тұсы бізге ерекше ұнады. Украинадағы қиын жағдайға қарамастан біздің елдің Қазақстанға ұсынар мүмкіндігі мол, өйткені біздің электр әрі гидроэлектр станцияларын құруда және оның жұмысын үйлестіруде тәжірибеміз мол.