Елдос Қоспаев және ол бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі ұсталды. Халықаралық іздеуде жүрген күдіктілер Солтүстік Кипрде жасырынған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің опреациясы нәтижесінде кеше олар Астанаға жеткізілді. Елдос Қоспаев құрған қылмыстық топқа рейдерлік жасады, кәсіпкерлерді қорқытып-үркітті, көлеңкелі бизнеспен айналысты деген бірқатар ауыр айып тағылған.
Аида Ахметбек