Қашағанның өндірістік әлеуеті белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қашағанның өндірістік әлеуеті белгілі болды

07.09.2023

Қашағанның өндірістік әлеуеті жылына 75 млн тонна мұнайға жетуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мұнай-газ саласы ардагерлерінің қатысуымен өткен салтанатты шарада мәлімдеді. Оның айтуынша, қажырлы еңбектің арқасында бүгінде шамамен 90 млн тонна мұнай, 55 млрд текше метр газ өндірілді, $60 млрд-тан астам инвестиция тартылды, жергілікті қамтуды дамытуға $17 млрд-тан астам инвестиция салынды, 10 мыңға жуық адам, ал құрылыс кезеңінде 40 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Бұдан бөлек шарада Премьер Министр Мемлекет басшысының тапсырмасымен Солтүстік Каспий жобасының ардагерлерін Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Сарапшылардың бағалауынша, Қашағанның өндірістік әлеуеті тәулігіне 1,6 млн баррель мұнайға жетуі мүмкін. Бұл жылына 75 млн тонна шамасындағы мұнай. Сондай-ақ газ өндеу қуаттарын дамыту да өте маңызды. Осы мәселе бойынша Үкімет басшысы, тиісті тапсырма берген болатын.


Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу