«Бас тақырып» бағдарламасы: Экономиканы дамытудың негізгі тетіктері аталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бас тақырып» бағдарламасы: Экономиканы дамытудың негізгі тетіктері аталды

07.09.2023

Экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін нарықтық орта керек. Ол үшін ең алдымен заң үстемдігі мен әділ бәсекеге мүмкіндіктер жасалу шарт. Бұл орайда құқық қорғау органдарына қойылатын талап жоғары. Оларға кәсіпкерлердің жұмысына араласуға шектеу қажет. Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлттық арнадағы «Бас тақырып» бағдарламасына берген сұқбатында айтты. Сонымен бірге, саланы өрбітуге белсенді кәсіпкерлерді қалыптастыру керек, дейді. Оған білім беру жүйесін жетілдіріп, бизнес өкілдерін ынталандыратын идеялогияны да жетілдіру аса маңызды екенін жеткізді. Егер, осы міндеттерді орындасақ Мемлекет басшысының Қазақстан Халқына Жолдауында айтылған мақсаттарға жете аламыз, дейді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Экономиканың дамуы үшін керек нәрсе несиелер мен инвестициялар. Егер несиелер мен инвестициялар экономикада болмай жатса, келмей жатса онда экономиканың дамуы да екі талай. Тиімді жұмыс үстеу үшін тетіктерді меңгерген ашық цифрлы тәсілдермен де жұмыс істейтін мемлекеттік институттар мен мемлекеттік жүйе.


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу