Бурабайдағы ірі қонақ үйдің 17 қызметкері астан уланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайдағы ірі қонақ үйдің 17 қызметкері астан уланды

07.09.2023

Бурабай курорттық аймағындағы ірі қонақ үйдің 17 қызметкері астан уланды. Қазір 9 адам жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатыр. Қалғаны үйлеріне қайтарылған. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайлары бірқалыпты. Барлығына бактериялық ішек инфекциясы диагнозы қойылған. Қазір аудандық сан-эпид бақылау басқармасы қонақ үйдің мейрамханасына жоспардан тыс тексеруді бастап кетті.

Серік Омарханов, Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары су, тамақ, өнімдері және шайындылардың сынамаларын алып, зертханаға жіберді. Алғашқы қорытындысы үш күнде белгілі болады. Басқа қызметкерлерден әзірге шағым жоқ.


Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу