Несиесін 90 күннен кешіктіргендер енді банктен қарыз ала алмауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несиесін 90 күннен кешіктіргендер енді банктен қарыз ала алмауы мүмкін

07.09.2023

Бұдан былай несиесін 90 күннен кешіктіргендер банктен қарыз ала алмауы мүмкін. Қазір несие беру талаптары күшейтіліп жатыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, бұл өзгерістер ең алдымен онлайн несиеге қатысты болмақ. Тұтынушылық несие де қарыз алушының табысына қарай шектеледі. Бұл – оңды-солды кредит беруді және адамдардың банкке белшеден берешек болып қалудың алдын алмақ.


Хабарламаларға жазылу