Астанада Каспий банкке шабуыл жасаған күдікті кінәсін мойындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Каспий банкке шабуыл жасаған күдікті кінәсін мойындады

07.09.2023

Астанада Каспий банкке шабуыл жасаған күдіктіге қатысты сот отырысы жүріп жатыр. Күдікті Алихан Мұрадов кінәсі дәлелденсе 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айыпталушы кінәсін мойындады. Әрі сот отырысы кезіндегі үзілісте ол журналистерге болған оқиғаға өкінетінін айтты.

Бұдан бөлек, қылмыскер тергеу барысында жалған мәлімет бергенін де растады. Алихан Мұрадовтың айтуынша, оқиға күні оның суицидке бару туралы ойы болмаған, есірткі қолданбаған.

Еске сала кетейік, биыл 18-маусымда қаруланған ер адам елордадағы Каспий банк ғимаратында бірнеше кісіні кепілге алды.


Хабарламаларға жазылу