«Қазақстан халқына» қорының білім грантын иеленген 818 талапкердің тізімі шықты. Қайырымдылық жобасы әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына арналған. Оларға оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді. Сондай-ақ 40 000 теңге көлемінде шәкіртақы бар. Білім беру гранттары талапкерлерге бағдарламаның бірнеше критерийлері бойынша берілді.
Оның ішінде ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардан 197 талапкер немесе 24%, жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар – 177 талапкер немесе 21%. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар – 181 талапкер немесе 22%, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылардан – 261 талапкер немесе 31%. Сондай-ақ талапкерлер арасында қаңтар оқиғасында зардап шеккен отбасы балалары да бар.
Аида Ахметбек