Үкіметте мұнай-газ саласындағы жаңа жобалар талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте мұнай-газ саласындағы жаңа жобалар талқыланды

08.09.2023

Sinopec компаниясы Қазақстанда жаңа мұнай-газ жобаларына қатысуға ниетті. Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен компания президенті Юй Баоцай мұнай-газ саласындағы жаңа жобалар жайын талқылады. Қытайлық компанияның тікелей қатысуымен елімізде бірқатар маңызды жоба жүзеге асқан. Мәселен, Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңғыртуда өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында елімізде мықты өнеркәсіптік негіз қалыптастыру қажеттігін айтты. Бұл ретте Қазақ-Қытай арасында энергетика саласы бойынша ынтымақтастық артып келеді.  


Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу