Алматыда отандық ғылымды дамыту жайы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда отандық ғылымды дамыту жайы талқыланды

08.09.2023
0:00:00
0:00:00

Коронавирусқа қарсы отандық «ҚазВак» екпесін әзірлеген биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына 65 жыл толды. Осыған орай отандық және шет елдің үздік мамандары бас қосып, жаһанды алаңдатып отырған өткір мәселелерді талқылады. Әсіресе, жұқпалы ауруларға төтеп беретін вакциналарды шығару жайы айтылды. Осы 65 жыл ішінде институт 70-ке жуық аса қауіпті ауруларға қарсы екпе мен тест жүйелерін енгізді.

Күнсұлу Закарья, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:

Ғалымдарға сол кезде үлкен көмек берілген. Олардың әлеуметтік мәселелері шешілген. Жалақылары көтерілген. 180 пәтерлік үй салынған. Қазіргі уақытта бұл әлемдегі ең танымал Қазақстаннның ғылыми-зерттеу институты. Бұл институт бүгінгі күні біздің Қазақстанды биологиялық әртүрлі қауіп-қатерлерден сақтап тұрған институт.

Әйгерім Ердәулет 

Хабарламаларға жазылу