Шаруаларға берілетін 2,5 пайыздық несиенің шарттары бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаруаларға берілетін 2,5 пайыздық несиенің шарттары бекітілді

08.09.2023

Шаруаларға берілетін 2,5 пайыздық несиенің шарттары бекітілді. Құжатты Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген. Оны іске асыру жергілікті әкімдікке тапсырылды. Қарыз 5 млрд теңгеге дейін беріледі. Оны 10 жылға дейін бөліп төлеуге болады. Кредит алушының кепілге қоятын мүлкі болуы шарт.

Жеңілдетілген несие сүт фермалары жылына 5000 тонна ет өндіретін құс фабрикалары, көкөніс сақтау қоймалары және тағы басқа да шаруалық иелеріне беріледі.


Хабарламаларға жазылу