Елде газ өңдейтін жаңа зауыттар салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде газ өңдейтін жаңа зауыттар салынады

09.09.2023

Елде газ өңдейтін жаңа зауыттар салынады. Бұл – саланың қуаттылығын арттыру үшін керек. Осыған байланысты Премьер-Министр Әлихан Смайылов арнайы кеңес өткізіп, зауыт құрылысын жеделдетуді тапсырды. Бұл жұмыс Президент Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру аясында қолға алынып жатыр. Үкімет басшысы елімізді мұнай-газбен қамтамасыз етуде Қашағанның рөлі зор деді. Мұнай өндіруден бөлек, көмірсутек шикізатын кешенді өңдеу ісін жандандыру маңызды.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу