Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

09.09.2023

Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Оған Атырау мен Жамбыл облыстарынан 300 тоннаға жуық өнім жеткізілген. Өндірушілер мұнда өз тауарын делдалсыз сатуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде азық түліктің бағасы нарықтағы құнынан едәуір төмен болады. Қала тұрғындары таңертеңнен жәрмеңкеге келіп, арзан бағамен азық-түлік алып жатыр.

Еркебұлан Қосыбаев, Астана қаласының тұрғыны:

Мынандай жәрмеңке көбіне пайдалы. Әр адам, әр отбасында әртүрлі жағдайлар болып тұрады. Соған оны-мұны дайындауға осындай жәрмеңкелер болып тұрса жақсы болады деп ойлаймын. Өзім зейнеткермін. Жолдасым екеуіміз келіп тұрмыз. Дұрыс. Әсіресе зейнеткерлерге жақсы.

Шаруалар жәрмеңкеге арналған ассортиментті өздері таңдайды. Атыраулықтар балық пен ет өнімдерін көбірек әкелсе, Жамбыл облысының диқандары көкөніс пен жеміс жидектерін көптеп саудалап жатыр. Одан бөлек, сүт, ұн өнімдері, кондитерлік тағамдар да бар. Жәрмеңке жексенбі күні де жалғасады.

Ғайша Бейсенбаева, кәсіпкер /Жамбыл облысы/:

Бір тоннадай ет әкелдім. Халыққа рахмет. Халықтың арқасында алушылар жақсы. Астаналықтар өте керемет. Ұнап жатыр. Жылда келіп отырамыз.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу