«Теңізшевройл» компаниясы Атырау облысы Жылыой ауданындағы оқушылардың білім сапасын көтеруді қолға алды. Игі бастама аясында Құлсары қаласында тұратын бір топ оқушы Астанаға келді. Олар робототехника олимпиадасына қатысып жатыр. Сайыста 200-ден астам бала бақ сынауда.
Астанаға Құлсарыдан бес оқушы келді. Олар бір команда. Елордадағы олимпиадаға жолдама алмас бұрын олар алдымен Жылыой ауданында өткен жарыста бақ сынасты. Үздік атанды. Ал жарысқа қатысушылардың жобасы қуаттандырғыш батареяға бағытталған.
Сағатжан Нұртас, жарысқа қатысушы:
Біздің идея литионный батарея болды. Ол деген судың астында, мұхиттың астында тұрады. Ветряной мельницалар айналып тоқ жинағанда, жермен береді. Литионный энергия жермен қалаға беретінн болады. Ол эффективна, затрата көп емес.
Ал «Теңізшевройл» компаниясының өкілі Жылыой ауданындағы балалардың білім сапасын көтеру кездейсоқ таңдалмағанын айтады.
Дәрмен Аронов, «Теңізшевройл» компаниясының бөлім менеджері:
«Теңізшевройл» компаниясының негізгі өндірісі осы Атырау облысының Жылыой ауданында орналасқан. Сондықтан біз Жылыой ауданына өте көп көңіл бөлеміз. Биылдан бастап біз Жылыой ауданында Жылыой ауданын дамыту бағдарламасын іске қостық. Сол бағдарламаның аясында Құлсары қаласында 8 мектептің аясында Steam зертханасын іске қостық.
Енді ол зертханада Жылыой ауданының оқушылары биология, химия, физика пәндерінен білім сапасын арттыруға мүмкіндік алады.
Самал Қабышева