Былтыр бюджетке көлік салығынан 70 млрд теңге түскен. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлім етті. Бұл қаражат жеке тұлғалардан түскен салық. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақтағы елдер шеңберінде мұнай өнімдерінің бірыңғай нарығына көшу жанар-жағармай бағасының айтарлықтай өсуіне әкеледі. Нәтижесінде, жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық, жеңіл көлік құралдарын пайдалануға арналған жиынтық шығындары артады.
Самал Қабышева