Чилиде 50 жыл бұрынғы әскери төңкеріс құрбандарын еске алу шеруі полициямен қақтығысқа ұласты. Демонстранттар тәртіп сақшыларына тас атып, отты шөлмек лақтырған. Ал қарсы жақ оларды тарату үшін су шашатын көліктерді қолданды. Қақтығыстың неден басталғаны белгісіз. Айта кетсек, 1973 жылы әскер коммандирі Аугусто Пиночет төңкеріс жасап, демократиялық жолмен сайланған Сальвадор Аленда үкіметін құлатты. Содан кейін Чилиде 1990 жылға дейін диктаторлық режим билік еткенде, 3 мың адам өлтіріліп, 28 мың тұрғын азапталған.
Арыстан Рысбек