KazakhExport пен ForteBank отандық өндірушілерді қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

KazakhExport пен ForteBank отандық өндірушілерді қолдайды

11.09.2023

«KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы мен ForteBank отандық өнім өңдейтін өнеркәсіптерді қолдайды. Екі тарап халықаралық сауданы дамытуға және қазақстандық өнімге сұранысты ынталандыруға бағытталған стратегиялық келісімге қол қойды. Бұл экспортқа тауар шығаратын бинес иелеріне барынша жағдай жасау мақсатында қолға лынды.

Енді шетелге тауар экспорттайтын қазақстандық кәсіпкерлер сатылымды бірнеше есе көбейте алады. Бұл жерде олар ешқандай тәуекелге бармайды. «KazakhExport» пен ForteBank өте тиімді құрал ұсынып отыр. Яғни, екі жақ аккредитивтерді сақтандыру мен экспорттық сауданы қаржыландыру бойынша шартты банктік салымдар туралы келісімге келді. Соның нәтижесінде шетелдік сатып алушыларға Қазақстанда шығарылған өнімді тиімді шарттармен қарызға алуына мүмкіндік туды.

Қуаныш Мұқажанов, «KazakhExport» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Айта кетейік, оған қоса экспорттаушылар тауарын жөнелткеннен кейін олардың есеп шотына бірден төлем түседі. Яғни, бәрі ашық көре алады. Бұдан былай да ForteBank халықаралық факторинг, қарыздарды сақтандыру, валюталық мәмілелерді сақтандыру, банктік кепілдіктерді сақтандыру сияқты басқа да бағдарламаларға қатысып, біздің институтпен іскерлік байланысты жалғастырады деген сенімдеміз.

Қос тарап өкілдерінің айтуынша, бұл келісім экспортқа бағдарланған отандық өндірісті, сондай-ақ жалпы бизнесті дамытуға ықпал етеді. Сондықтан, осы мүмкіндікті пайдалануға шақырады.

Еркін Үдербай, ForteBank қоғаммен байланыс жөніндегі директоры:

Ендігі жерде ForteBank-тің клиенттері «KazakhExport» компаниясының инструменттерін қолдана алады. Ол инструменттердің маңызы, мәні – экспортер компаниялар өздерінің жіберген тауарларына қосымша кепілдік алып, ол тауарларына төлем алатынына кепіл береді. ForteBank-тің клиенттері тауарларын экспортқа шығарса, өздерінің өндірістерін әрі қарай дамыта алады. Тауардың ақшасын Қазақэкспорт компаниясы сақтандырып тұр. Кепіл беріп тұр.

Айта кетейік, 2016 жылдан бастап KazakhExport 870 млрд теңгеден астам сомаға 200-ден астам экспорттаушыға қолдау көрсетті. Олардың ішінде экономиканың тамақ және химия өнеркәсібі, машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен, металлургия және басқа да маңызды кәсіпорындары бар.

Хабарламаларға жазылу